• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №339

463 рет
көрсетілді

2014 жылғы 30 желтоқсан,  Астана қаласы «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тар­мағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы «6» наурыз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №339 бұйрығымен бекітілген «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды кәсіпорындарда оқытуға, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең шеңбердегі міндеттерді шешуге арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ақаулау – техникалық жай-күйі мен одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін техниканың агрегаттары мен бөлшектеріндегі ақаулықтарды анықтау процесі; 2) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі; 3) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты болмау, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын жұмыскердің даярлық деңгейі мен құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 4) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жинағы; 5) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің тұтас жинағынан қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; 6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 7) кәсіби топ – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жинағын болжайтын кәсіби кіші топтар жиынтығы; 8) кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде алынған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімдерді, біліктерді және практикалық дағдыларды білуді талап ететін адамның еңбек қызметі кәсібінің негізгі түрі; 9) квалитет – бұйымды (бөлшектерді) дайындау дәлдігінің рұқсат ету мәнін айқындайтын сипаттамасы; 10) кәсіптер сыныптауышы – атауларын бірыңғайландыруға қол жеткізуге және еңбек нарығының жай-күйі бойынша деректерді статистикалық есепке алуды, салыстыруды және талдауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қызметтердің (кәсіптердің) жүйелендірілген тізбесі; 11) Мемлекеттік оптикалық институт пасталары – болат қорытпаларды (оның ішінде термиялық беріктетілген), түсті металдарды, қатты пластмассалар мен полимерлерді, шыныны (оның ішінде оптикалық), керамикалық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды тегістеу және жылтырлату үшін қолданылатын, хром оксиді (III) негізіндегі тегістеу және жылтырату пасталары; 12) негізгі топ – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; 13) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы; 14) тесік іздегіш – шаманы анықтауға, оқшаулауға және сандық түрде бағалауға арналған аспап; 15) ұшу аппараты – атмосферада ұшуға арналған құрылғының (аппараттың) жалпы атауы. 3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 1) СБШ – салалық біліктілік шеңбері; 2) БА – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 3) БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; 4) КС – кәсіби стандарт; 5) МОИ – Мемлекеттік оптикалық институт. 2. КС паспорты 4. КС атауы: Ұшу аппараттары өндірісі. 5. КС әзірлеудің мақсаты: кәсіби қызметтің мазмұны мен сапасына, ұшу аппараттары өндірісі саласындағы мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын анықтауға қойылатын бірыңғай талаптарды біріздендіру, белгілеу және қолдау. 6. КС-ның қысқаша сипаттамасы: ұшу аппараттарын өндіру және жаңғырту, түрлі үлгідегі ұшу аппараттарын, сондай-ақ тәжірибелік және эксперименттік бұйымдарды құрастыру, құрастырылған бұйымдар жүйелерінің өзара іс-қимылын кешенді пысықтау және тексеру. 7. Негізгі топ: авиациялық техника. 8. Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: ұшу аппараттары өндірісі. 3. Кәсіптердің карточкалары 9. Кәсіптердің тізбесі: 1) қозғалтқыштарды құрастырушы слесарь, СБШ бойынша 2-4-біліктілік деңгейлері; 2) ұшу аппараттарын құрастырушы слесарь, СБШ бойынша 2-4-біліктілік деңгейлері; 3) авиақозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарь, СБШ бойынша 2-4-біліктілік деңгейлері; 4) агрегаттарды жөндеу жөніндегі слесарь, СБШ бойынша 3-4-біліктілік деңгейлері; 5) ұшу аппараттарын жөндеу жөніндегі слесарь, СБШ бойынша 2-4- біліктілік деңгейлері; 6) электромеханик, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі; 7) техник-технолог, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі; 8) инженер, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі. 10. Кәсіптердің карточкалары осы КС-ге қосымшада келтіріледі. «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандартына қосымша «Қозғалтқыштарды құрастырушы слесарь» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ Кәсіптің коды 7232 Кәсіптің атауы Қозғалтқыштарды құрастырушы слесарь СБШ бойынша біліктілік деңгейі 2-4 БТБА бойынша біліктілік деңгейі 2-7 Кәсіби білім деңгейі Орта кәсіби білім Еңбек функциялары 1) Құрастыруға және монтаждауға слесарлық-құрастыру дайындығы. 2) Түрлі күрделілік дәрежесіндегі қозғалтқыштар мен агрегаттарды құрастыру және монтаждау. 3) Стендтер және престерде қозғалтқыштың құрастырылған тораптары мен агрегаттарына сынақтар жүргізу. Қозғалтқыштарға стендтік сынақтар (суықтай жүргізіп жаттықтыру) жүргізу. Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2 (біліктілік разряды: 2-3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 4-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6-7) 1-еңбек функциясы. Құрастыруға және монтаждауға слесарлық-құрастыру дайындығы 1. Қозғалтқыштар мен агрегат-тардың қарапайым тораптарын бөлшектеу дағдылары, қозғалтқыштың бөлшектерінен және тораптарынан майларды кетіру білігі. 2. Визуалды қарау кезінде қоз-ғалтқыш бөлшектерінің ақаула-рын айқындау дағдылары. 3. 8-14 квалитеттер бойынша түрлі күрделілік дәрежесіндегі қозғалтқыш бөлшектеріне слесарлық өңдеу жүргізу білігі. 4. Материалдардың қасиеттерін айқындау үшін анықтаманы пайдалану, материалдар маркаларының шифрін ажырату және олардың қолданылу аясын анықтау білігі. 5. Өлшеу құрал-сайманының көмегімен қозғалтқыштар мен агрегаттардың бөлшектерін өлшеу білігі. 6. Жұмыс жағдайын талдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, өз қызметін бағалау және түзету білігі. 1. 6-7 квалитеттері бойынша байланыстары бар қозғалтқыштар мен агрегаттардың күрделі тораптарын консервациядан алу және бөлшектеу жүргізу білігі. 2. Бөлшектер мен тораптардың жиынтықтылығын және сапасын анықтау дағдылары. 3. Металдарды термоөңдеу, пісіру және дәнекерлеу дағдылары. 4. Слесарлық және бақылау-өлшеу құрал-сайманын жөнге келтіру және жөндеу дағдылары. 1. Сызбалық-графикалық және технологиялық құжаттаманы оқу, эскиздерді, техникалық суреттер мен бөлшектердің, олардың элементтерінің сызбаларын және тораптарын орындау дағдылары. Білімі 1. Қозғалтқыштың қарапайым тораптарын бөлшектеу техно-логиясын және қозғалтқышты бөлшектеуге арналған техноло-гиялық құжаттаманы ресімдеу тәртібін білуі. 2. Майлаудың негізгі түрлері мен оларды жою тәсілдерін білуі. 3. Техникалық өлшемдер және бұрандалар туралы негізгі мәліметтерді білуі. 4. Шектеулер жүйесі туралы жалпы мәліметтерді білуі. 5. Материалдарды слесарлық өңдеудің барлық түрлерінің технологиялық процестерін білуі 6. Коррозияның негізгі түрлерін және металдарды одан қорғау тәсілдерін білуі. 1. Беттерді өңдеу, металдарды термоөңдеу, пісіру және дәнекерлеу параметрлері туралы білуі. 2. Қозғалтқыштың тораптарын бөлшектеуге арналған монтаждау және бөлшектеу стендтерінің құрылымын және пайдалану қағидаларын білуі. 3. Сериялар бойынша қозғалтқыштар мен агрегаттардың бөлшектері мен тораптарының конструкциялық өзгерістерін білуі. 1. Өндірісті механизациялау, автоматтандыру және компьютерлендіру және олардың міндеттері туралы негізгі түсініктерді білуі. 2. Компьютерлік графикалық бағдарламалардың негіздерін білуі. 3. Тораптар мен агрегаттардың бөлшектерінің ақауларын табу әдістерін білуі. 4. Қозғалтқыштың конструкциясында қолданылатын металдардың, қорытпалардың және бейметалл материалдардың механикалық қасиеттері мен маркаларын білуі. Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Түрлі күрделілік дәрежесіндегі қозғалтқыштар мен агрегаттарды құрастыру және монтаждау 1. Тораптардың бөлшектерін стапельге немесе жинайтын құрылғыға бекіту білігі. 2. Құрастыру керек-жарағын және құрал-сайманды пайдалану білігі. 3. Бұрандамалардың, бұрамалар, түйреуіштер, шпонкалар және шлицтер арқылы жалғанатын күрделілігі орташа қозғалтқыштар мен агрегаттардың тораптарын құрастыруды орындау білігі. 4. Қозғалтқыштардың бөлшек-тері мен тораптарын шплинт-теуді, өздігінен бұралып шеші-луін, таңбалауды, өшіруді және пломбалауды жүргізу білігі. 5. Қозғалтқыштың бөлшектері мен агрегаттарын бөлшектеу мен жинауға арналған күрделі емес керек-жарақтарды дайындау білігі. 1. 6-7 квалитеттері бойынша қиыстыруды және орнатуды қажет ететін қозғалтқыштар мен агрегаттардың күрделі тораптары мен механизмдерін құрастыруды және реттеуді, оларды техникалық құжаттамаға сәйкес бекітуді орындау білігі. 2. Монтаждалатын бөлшектердің, тораптардың және агрегаттардың тартылуы мен саңылауларын қиыстыруды орындау, орталықтау және нивелирлеу білігі. 3. Қозғалтқыштың күрделі бөлшектері мен тораптарын таңбалау, өшіру және пломбалау білігі. 4. Күрделілігі орташа қозғалт-қыштардың бөлшектері мен тораптарын технологияға сәйкес статикалық және динамикалық теңестіруді жүргізу білігі. 5. Дәл өлшеу аспаптарын, құрал-сайманды, мүйізді кілттерді пайдалану білігі. 1. Қозғалтқыштың күрделі бөлшектері мен тораптарын жетілдіру дағдылары. 2. Редукторларды және фрикционды муфталарды құрастыру дағдылары. 3. Турбиналар мен компрессорлар роторларын динамикалық теңгерімдеу арқылы құрастыру білігі. 4. Түрлі күрделілік дәрежесіндегі қозғалтқыштарды және олардың агрегаттарын түпкілікті құрастыру және реттеу білігі. Білімі 1. Қозғалтқыштар мен агрегаттардың қосылыстарының негізгі түрлерін білуі. 2. Қозғалтқыш агрегаттарының конструкциясы мен қолданылу мақсаты туралы негізгі мәліметтерді білуі. 3. Құрастыруға келіп түсетін бөлшектер мен тораптардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды білуі. 1. Қозғалқыштар мен олардың агрегаттарын жинаудың технологиялық реттілігін білуі. 2. Қозғалтқыштың агрегаттары мен жүйелерін монтаждауға, өңдеуге, реттеуге арналған техникалық талаптарды білуі. 3. Монтаждалатын агрегаттар мен жүйелердің өзара іс-қимылы мен жұмыс істеу қағидаттарын білуі. 4. Консервациялайтын және майлайтын материалдарды, қозғалтқыштың металл-керамикалық, графиттелген, тальктелген және резеңке бұйымдарын қолдану қағидаларын білуі. 1. Реактивті, турбобұрамалы немесе піспекті қозғалтқыштардың конструкциясы мен жұмыс істеу қағидаттарын білуі. 2. Қозғалтқыштар мен агрегаттардың тораптары мен бөлшектерін техникалық талаптарға сәйкес әртүрлі әдістермен қалпына келтірудің негізгі технологиялық процестерін білуі. 3. Қуатты және тәжірибелік қозғалтқыштардың конструкциясын және құрастыру технологиясының ерекшеліктерін білуі. 4. Өндіріс технологиясына сәйкес түпкілікті құрас-тырылған қозғалтқышты реттеу қағидаларын білуі. 5. Қозғалтқыштарды құрастыру мен монтаждауға арналған технологиялық құжаттаманы, бұйымдарға арналған паспорттарын, ілеспе карталарды, формулярларды, серти-фикатталған бұйымдар туралы негізгі мәліметтерді ресімдеу тәртібін білуі. Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Стендтер және престерде қозғалтқыштың құрастырылған тораптары мен агрегаттарына сынақтар жүргізу. Қозғалтқыштарға стендтік сынақтар (суықтай жүргізіп жаттықтыру) жүргізу 1. Қозғалтқыш агрегаттары қораптарының май арналарын айдауды орындау білігі. 2. Стендтер мен гидравликалық қысым престерінде құрастырылған тораптарға сынақ жүргізу білігі. 1. Қозғалтқыш агрегаттары мен жүйелерін шаюды және саңылаусыздыққа сынауды жүргізу, тесік іздегіштерді пайдалану білігі. 2. Қозғалтқыштың жекелеген бөлшектерін статикалық теңгерімдеу дағдылары. 3. Қозғалтқышты құрастырудан және сынаудан кейін анықталған ақауларды жою дағдылары. 4. Динамометриялық және тонзометриялық құрал-сайманды баламалау дағдылары. 5. Сынау стендтерін баптауды және реттеуді, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жоюды орындау білігі. 1. Күрделі керек-жарақтар мен машиналарды пайдалана отырып, қозғалтқыштардың күрделі бөлшектері мен тораптарын теңгерімдеуді орындау білігі. 2. Күштік қондырғыны бұйымда сынау кезінде ақауларды жою және агрегаттарды ауыстыру білігі. 3. Қозғалтқыштарға стендтік сынақтар (суықтай жүргізіп жаттықтыру) жұмыстарын жүргізу білігі. 4. Қозғалтқыштарды сынағаннан кейін реттеу-жетілдіру жұмыстарын орындау білігі. 5. Күрделі автоматика жұмысын тексеруді және қозғалтқыш-тарды бақылау үшін жинауды орындау білігі. 6. Қозғалтқыштарды техникалық бақылаушыға тапсыру үшін техникалық құжаттаманы ресімдеу дағдылары. Білімі 1. Қозғалтқыштардың тораптары мен агрегаттарына май айдауға арналған стендтерді және гидравликалық қысым стендтерін пайдалану қағидаларын білуі. 1. Қозғалтқыш тораптарын айдау бойынша стендтердің конструкциясын білуі. 2. Қозғалтқыштың бөлшектері мен тораптарын динамикалық теңгерімдеу үшін стендтерді қолдану қағидаттары мен пайдалану қағидаларын білуі. 3. Қозғалтқыштарды сынау кезінде ақаулардың пайда болу себептерін білуі. 4. Турбина бөлшектерінің, агрегаттар мен тораптардың агрессивті ортада жұмыс істеуінің ерекшеліктерін білуі. 5. Қозғалтқыштар үшін пайдаланылатын жанармайдың маркалары мен қасиеттерін білуі. 1. Арнайы сынақ стендтерін баптау, реттеу және ақаулықтарын жою тәсілдері мен қағидаларын білуі. 2. Газды-турбиналы қозғалт-қыштардың агрессивті орта-сының қысымымен металл құрылымының өзгерістерін білуі. 3. Қозғалтқыштарды техникалық бақылаушыға тапсыру үшін техникалық құжаттаманы ресім-деу қағидаларын білуі. Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Командада жұмыс істеу білігі. Зер салуды, өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік алу білігі. Кеңістікке бейімделіп ойлау. Талдамалық ойлау. СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 7232 7232 7232 Ұшу аппараттарын құрастырушы слесарь Авиақозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарь Ұшу аппараттарын жөндеу жөніндегі слесарь «Ұшу аппаратын құрастырушы слесарь» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ Кәсіптің коды 7232 Кәсіптің атауы Ұшу аппаратарын құрастырушы слесарь СБШ бойынша біліктілік деңгейі 2-4 БТБА бойынша біліктілік деңгейі 2-8 Кәсіби білім деңгейі Орта кәсіби білім Еңбек функциялары 1) Тораптық және агрегаттық құрастыру. 2) Ұшу аппараттарының тораптары мен агрегаттарын сынау және реттеу. 3) Ұшу аппараттарын түпкілікті құрастыру, реттеу және жетілдіру. Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2 (біліктілік разряды: 2-3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 4-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6-8) 1-еңбек функциясы. Тораптық және агрегаттық құрастыру 1. Ұшу аппараттарының бөлшек-тері мен тораптарын ашу және консервациядан алу дағдылары. 2. Металды слесарлық өңдеу бойынша негізгі операцияларды орындау білігі: қол арамен кесу, аралау, егеуқұм қағазымен өңдеу, тегіссіздіктері мен кемшіліктерін жою білігі. 3. Құрастыратын құрал-сайман-ды қолдана отырып, сызбалар мен технологиялар бойынша күрделілігі орташа тораптар мен агрегаттарды құрастыру білігі. 4. Ұшу аппараттарының жекеле-ген агрегаттарын технологиялық бұрандамаларға бекіте отырып, оларды алдын ала құрастыру дағдылары. 5. Қолжетімді жерлердегі торап-тық қосылыстарды стапельдерге және стапельдерден тыс құрастыру және шегелеу дағдылары. 6. Ұшу аппараттарының бөлшек-тері мен тораптарының орнын қарапайым жүк көтергіш механизмдер арқылы ауыстыру дағдылары. 1. Сыртқы қоршаулар мен түйісетін беттерді 6-10 квалитеттері бойынша жетілдіре отырып, ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру мен реттеуді жүргізу білігі. 2. Тесіктерді бітеумен және желімді, герметикті, бояуды қолданумен 7-10 квалитеттері бойынша бұрандама және шеге арқылы бекітілетін қосылыстарды орындау білігі. 3. Темір арқан сымды монтаж-дауды орындау білігі. 4. Дәл аспаптарды пайдаланумен ұшу аппараттарының агрегаттарын нивелирлеу дағдылары. 5. Монтаждалған тораптардың, агрегаттардың және жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың жұмыс істеу қабілетін тексеруді жүргізу және анықталған ақауларды жою білігі. 6. Бақылау-өлшеу аспаптарын жұмыста қолдану және баптау білігі. 1. Композициялық материалдар мен ұялы конструкциялардан жасалған ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын түпкілікті өңдеуді орындау білігі. 2. Түйісетін беттерді 6 квалитеті бойынша жетілдіре отырып, ұшу аппараттарының күрделі тораптары мен агрегаттарын түйістіру және нивелирлеу білігі. Білімі 1. Ұшу аппараттарының қара-пайым бөлшектері мен торап-тарын құрастыру мен бөлшек-теудің технологиялық процес-терін білуі. 2. Құрастырылатын тораптар мен агрегаттардың конструкциясы туралы негізгі мәліметтерді білуі. 3. Слесарлық-құрастыру жұмыстарын орындаған кездегі ақаулардың түрлері мен себептерін білуі. 4. Стапельдердің құрылысын, қолданылатын стапельдердің үлгілерін бекіту тәсілі бойынша білу. 5. Қолданылатын қарапайым механикаландырылған жабдықтың, жарақтың, керек-жарақтардың, слесарлық және өлшеу құрал-саймандарының, жүк көтергіш механизмдердің қолданылу мақсаттарын және пайдалану қағидаларын білуі. 6. Жағармайлар мен жұмыстық сұйықтықтардың атауларын білуі. 1. Агрегаттар мен жүйелерді монтаждауға, жұмыс істетуге, реттеуге арналған техникалық талаптарды білуі. 2. Термоөңдеу және дәнекерлеу қағидалары мен түрлерін білуі. 3. Негізгі жиналатын агрегаттар мен бөлшектерді жөндеу технологияларын білуі. 4. Саңылаусыздау схемаларын, шектеулер мен орнату жүйелерін білуі. 1. Ұшу аппараттарының күрделі жүйелерінің конструкциясын білуі. 2. Дәнекерлеу және термикалық жұмыстардың технологияларын білуі. 3. Нивелирді, теодолитті, квадрантты, оптикалық бұрыш өлшегішті пайдалану қағидаларын білуі. Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Ұшу аппараттарының тораптары мен агрегаттарын сынау және реттеу (Бұл еңбек функциясын орындау жұмысшының СБШ бойынша 3-4-деңгейдегі біліктілігінің болуын талап етеді) 1. Авиациялық бұйымдарды саңылаусыздыққа сынауды жүргізу білігі. 2. Сынақ жүргізу стендтері мен аспаптарын басқару дағдылары. 1. Сынақ жүргізу стендтерінде бұру рульдерін, биіктікті, элерондарды теңгерімдеуді жүргізу білігі. 2. Иммитациялайтын агрегаттары бар сынақ жүргізу стендтерінде ұшу аппараттарының басқару жүйелерін реттеу дағдылары. 3. Сынақ жүргізу стендтері мен аспаптарын басқаруды, оларды баптауды және сынауды жүргізу білігі. 4. Автоматтар мен бақылау-жазу аппаратурасының жұмысын бақылауды орындау білігі. 5. Ауа және май қысымымен құбырларға сынақ жүргізу білігі. Білімі 1. Сынауға арналған жерүсті стендтері мен қондырғыларын пайдалану қағидаларын білуі. 2. Авиациялық жүйелерді сынауға арналған техникалық талаптарды білуі. 3. Сынау аппаратурасы мен тесік іздегішті қолдана отырып, ұшу аппараттары агрегаттарын саңылаусыздыққа сынауды жүргізу технологияларын білуі. 1. Иммитациялайтын агрегаттары бар сынақ жүргізу стендтерінде ұшу аппараттарының басқару жүйелерін реттеу қағидаларын білуі. 2. Түрлі жүйелерді кешенді сынауға арналған қондырғылар мен стендтердің жұмыс істеу қағидаты мен баптау тәсілдерін білуі. Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Ұшу аппаратын түпкілікті құрастыру, реттеу және жетілдіру (Бұл еңбек функциясын орындау жұмысшының СБШ бойынша 3-4-деңгейдегі біліктілігінің болуын талап етеді) 1. Аса жеңіл ұшу аппараттарын түпкілікті құрастыруды, реттеуді және жетілдіруді орындау білігі. 2. Белгіленген мөлшерлерін реттей отырып, ұшу аппараттарының агрегаттары мен тораптарын монтаждау білігі. 3. Желдету және басқа да жүйе-лерді реттей отырып, жеңіл ұшақтар мен тікұшақтардың интерьерлерін құрастыру дағды-лары. 4. Катапультталатын орындық-тардың, қақпақтардың, люктердің релесін монтаждау дағдылары. 5. Күрделі жалпы құрастыру және монтаждау схемаларын оқу дағдылары. 1. Жеңіл ұшу аппараттарын, орташа үлгідегі ұшу аппарат-тарын, ауыр ұшу аппараттарын, сондай-ақ ұшатын зертханалар түріндегі тәжірибелік, эксперименттік бірегей ұшу аппараттарын және аэроғарыштық объектілерді түпкілікті құрастыруды, нивелирлеуді және жетілдіруді орындау білігі. 2. Дәл аспаптарды пайдалана отырып, ұшу аппараттарының агрегаттарын нивелирлеу дағдылары, нивелир, теодолит, квадрант, оптикалық бұрыш өлшегішті пайдалану, нивелирлеу схемалары бойынша жұмыс істеу дағдылары. 3. Жүйелерінің қажетті өзара іс-қимылы есептемелерін орындай отырып, құрастырылған күрделі авиациялық бұйымды баптауды, кешенді жұмыс істетуді және тексеруді орындау, техникалық талаптардан ауытқуын жоя отырып, авиациялық жүйелерді пысықтау білігі. 4. Күрделі ілеспе құжаттарды ресімдеу дағдылары. Білімі 1. Ұшу аппараттарының күрделі жүйелерінің конструкциясын білуі. 2. Монтаждалатын агрегаттар мен жүйелердің өзара іс-қимылы мен жұмыс істеу қағидаттарын білуі. 1. Құрастырылатын ұшу аппараттарының конструкциялық ерек-шеліктерін, олардың жүйелерінің қағидаттық схемаларын, жетіл-дірудің технологиялық ерек-шеліктерін білуі. 2. Негізгі жүйелерді құрастыру технологияларын, авиациялық бұйымның күрделі тораптары мен агрегаттарын орнату, түйістіру және бекіту технологияларын білуі. 3. Ұшу аппаратын монтаждау, түпкілікті құрастыру, жұмыс істету және реттеуге арналған техникалық талаптарды білуі. 4. Пневматика, гидравлика, аэродинамика негіздерін білуі. 5. Криогендік техника жөніндегі негізгі мәліметтерді білуі. 6. Графикалық компьютерлік бағдарламалар туралы негізгі мәліметтерді білуі. 7. Бұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды білуі. 8. Күрделі ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібін білуі. Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Орындаушылық, дербестік, жауапкершілік. Кеңістікке бейімделіп ойлау және бейнелі есте сақтау қабілеті. Техникалық бағытқа бейім сана. Командада жұмыс істей білу. СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс 7232 7232 7232 Ұшу аппараттарын жөндеу жөніндегі слесарь Қозғалтқыштарды құрастырушы слесарь Авиациялық аспаптарды құрастырушы слесарь «Авиақозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарь» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды 7232 Кәсіп атауы Авиақозғалтқышттарды жөндеу жөніндегі слесарь СБШ бойынша біліктілік деңгейі 2-4 БТБА бойынша біліктілік деңгейі 2-7 Кәсіби білім деңгейі Орта кәсіби білімі Еңбек функциялары 1) Авиақозғалтқышты демонтаждау, бөлшектеу және ақаулау. 2) Авиақозғалтқыш бөлшектерін жөндеу. 3) Тиісті параметрлерді тексере және реттей отырып, қондырғыларда авиақозғалтқыштың жөнделген тораптарын құрастыру және сынау. Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2 (біліктілік разряды: 2-3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 4-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6-7) 1-еңбек функциясы. Авиақозғалтқышты демонтаждау, бөлшектеу және ақаулау 1. Орташа күрделілік дәрежесін-дегі авиақозғалтқышты демонтаждау және бөлшектеу дағдылары. 2. Авиақозғалтқыштың ақаула-рын визуалды табу білігі. 3. Авиақозғалтқышты қайта іске қосу және ластанудан, шаңнан, аққан май мен басқа да сұйықтықтардың іздерінен таза-лау дағдылары. 4. Авиақозғалтқыштың бөлшек-терін түрлі әдістермен тазалау және жууды, тоттан тазалауды орындау білігі. 1. Күрделі авиақозғалтқыштарды бөлшектеу және ажырату дағдылары. 2. Авиақозғалтқыш бөлшектерінің техникалық тұрғыдан жұмысқа жарамдылығын тексеру білігі. 3. Барлық бақылау әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, жөнделуге тиіс авиақозғалтқыш бөлшектері мен тораптарының сапасын айқындау дағдылары. 1. Авиақозғалтқыштың ақау-лықтарына және істен шығула-рына талдай жүргізу білігі. 2. Ілеспе техникалық құжаттаманы ресімдеу дағдылары. Білімі 1. Авиақозғалтқышты бөлшектеу кезінде қойылатын негізгі талап-тарды білуі. 2. Авиақозғалтқыш бөлшектерін тазалау мен майсыздандырудың түрлі әдістері мен технология-ларын білуі. 1. Авиақозғалтқышты пайда-ланудың техникалық талаптарын білуі. 2. Авиақозғалтқыш бөлшектерін ақаулаудың түрлі әдістері мен негізгі қағидаларын білуі. 3. Ақаулықтарды іздеу кезектілігін білуі. 4. Авиақозғалтқыш бөлшектеріне тән ақауларды білуі. 5. Бұзбай бақылаудың негізгі әдіс-терін білуі. 1. Авиақозғалтқыштың істен шы-ғуын және ақаулықтарын зерттеу мен талдаудың негізгі қағидаларын білуі. 2. Жөндеуге арналған ілеспе тех-никалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын білуі. Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Авиақозғалтқыш бөлшектерін жөндеу 1. Орташа күрделілік дәреже-сіндегі авиақозғалтқыш бөлшек-терін, тораптарын және меха-низмдерін жөндеуді орындау дағдылары. 2. 11-14 квалитеттері бойынша слесарлық жұмыстарды орындау білігі. 3. Мынадай жөндеу-слесарлық жұмыстарды орындау дағ-дылары: - ұңғымен тесіктерді ашу, штифтер пен түйреуіштерді орнату, жазық беттерді тегістеп келтіру; - авиақозғалтқыштың күрделі емес бөлшектерін бұрандамалармен және бұрамалармен бір-бірімен жалғау; - тігістерді өңдеу және жөндейтін бөлшектерді дәнекерлеуге дайындау; - бұрғымен және бұрғылайтын станоктарда тесікті бұрғылау; - бұранда салу. 4. Авиақозғалтқыш бөлшектерін пломбалауды және таңбалауды орындау, қарапайым механизмдерді қолдана отырып, оларды тасымалдау білігі. 5. Қарапайым схемалар мен эс-киздерді оқу білігі. 1. Жөндеу технологиясына сәйкес күрделі конструкциялы авиақозғалтқыш бөлшектерін, механизмдерінің тораптарын жөндеуді орындау дағдылары. 2. 6-10 квалитеттері бойынша күр-делі слесарлық жұмыстарды орындау білігі. 3. Салмағы бойынша іріктей отырып, турбина роторының қалақтарын ауыстыру білігі. 4. Талап етілетін рұқсаттарға сәйкес авиақозғалтқыштың күрделі бөлшектері мен тораптарын қиыстырып келтіру дағдылары. 5. Тегершікті жұптардың ілінісуін іріктеуді және реттеуді жүргізу білігі. 6. Авиақозғалтқыш бөлшектерін арнайы кесетін құрал-сайманмен, абразивті тастармен, егеуқұм ұнтағымен, МОИ пастасымен өңдеу дағдылары. 7. Төлкелерді ауыстыру және ажы-рату білігі. 8. Авиақозғалтқыштағы агрегат-тарды ауыстыру білігі. 9. Авиақозғалтқыш бөлшектерінің тікелей бетіндегі кедір-бұдырлық өлшемдерді айқындау дағдылары. 10. Слесарлық және дәл бақылау-өлшеу құрал-саймандарын баптау дағдылары. 11. Түрлі күрделілік дәрежесіндегі сызбаларды оқу білігі. 12. Күрделі көтеру-тасымалдау механизмдерін пайдалану білігі. 1. Слесарлық және жетілдіру жұ-мыстарын 4-5-квалитеттерін қамтамасыз ете отырып орындау білігі. 2. Тексеру құрал-саймандары мен аспаптарын қолдана отырып, бірнеше жазықтықтардағы күрделі бөлшектер мен тораптарды тексеру және өлшеу білігі. 3. Турбина роторларын және ком-прессорды динамикалық теңестіру білігі. 4. Сызбаларды оқу және өңдеуге немесе қиыстырып келтіруге қажет орынды қалдыра отырып, олар бойынша авиақозғалтқыш бөлшектерін жасау, авиақозғалтқыштардың бөлшектерінің, қолданылатын құрал-саймандар мен керек-жарақтардың эскиздерін жасау білігі. 5. Бірінші сериялардағы авиа-қозғалтқыштардың және жаңа конструкциялардың күрделі тораптарын, күрделі геометрикалық нысандағы прецизионды бөлшектер мен механизмдерді, криогендік жүйелері бар арнайы авиациялық қозғалтқыштарды немесе газ түріндегі отынды пайдаланатын арнайы авиациялық қозғалт-қыштарды жөндеу дағдылары. Білімі 1. Жөнделетін авиақозғалтқыш бөлшектерінің жұмыс істеу талаптарын білуі. 2. Шектеулер мен орнату, бет-терді өңдеу өлшемдері жүйесін білуі. 3. Орташа күрделілік дәреже-сіндегі авиақозғалтқыш бөлшек-терін жөндеу технологияларын білуі. 4. Сызбаларды оқу қағидаларын білуі. 5. Слесарлық жұмыстардың тех-нологиялық операцияларын, авиақозғалтқыш бөлшектері мен тораптарын слесарлық өңдеу және жөндеу тәсілдері мен әдістерін білуі. 6. Жөндеу кезінде қолданылатын металдардың, қоспалардың және металл емес материалдардың физикалық қасиеттері, тоттану түрлері мен металдарды одан қорғау әдістері туралы негізгі мәліметтерді білуі. 7. Негізгі слесарлық және бақы-лау-өлшеу құрал-саймандарының қолданылу мақсатын және оларды пай-далану қағидаларын, қолданы-латын құрал-сайман мен жабдықтың ақаулықтарын жою тәртібін білуі. 8. Абразивті материалдардың, пасталардың маркалары мен қасиеттерін; төсеме түрлерін, олардың қолданылу мақсатын; төсеу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттерін білуі. 9. Авиақозғалтқыш бөлшектерін консервациялау технологияларын білуі. 10. Авиақозғалтқыш тораптары мен бөлшектерін тасымалдау қағидаларын білуі. 1. Жөнделетін авиақозғалтқыштың конструкциясы мен жұмыс істеу қағидаты, негізгі бөлшектері мен тораптарының температуралық және динамикалық жүктемелері туралы негізгі ұғымдарды білуі. 2. Авиақозғалтқыштың бөлшектері мен тораптарындағы қайталанатын ақауларды жою әдістерін білуі. 3. Авиақозғалтқыш бөлшектерінің және тораптарының серия бойынша және серия ішіндегі конструкциялық өзгерістерін білуі. 4. Тегершікті жұптарды іріктеу қағидаларын білуі. 5. Қолданылатын дәл слесарлық, құрастыру, бақылау-өлшеу құрал-саймандарының конструкциясын білуі. 6. Материалдарды дәнекерлеу және пісіру, пісіру жіктерінің ақаулары және оларды айқындау тәсілдері, авиақозғалтқыштың пісірілетін бөлшектеріне қарай қолданылатын пісіру түрлері туралы негізгі мәліметтерді білуі. 7. Бөлшектерді тегістеуге және жылтыратуға арналған техникалық талаптарды білуі. 8. Жөндеуден өткен авиақоз-ғалтқыш бөлшектері мен тораптарының сапалық жай-күйін бағалау әдістерін білуі. 9. Жөндеу учаскесінде қолда-нылатын қағидаттық және монтаждау схемаларын, қондырғылар мен керек-жарақтар конструкциясын білуі. 10. Жөнделетін тораптардың, агре-гаттардың және бөлшектердің күрделі сызбаларын оқу қағидаларын, графикалық және сызбалық компьютерлік бағдарламалар туралы негізгі ұғымдарды білуі. 11. Авиақозғалтқыш бөлшек-терінің тозуы және тозуын азайту әдістері бойынша негізгі мәліметтерді білуі. 1. Авиақозғалтқыштың күрделі бөлшектері мен тораптарын жөндеу технологияларын, оларды жөндеу сапасын бақылау тәсілдері мен құралдарын білуі. 2. Авиақозғалтқыштардың жаңа серияларының конструкциясын және оларды жөндеудің технологиялық ерекшеліктерін білуі. 3. Зертханалық өлшеу құрал-саймандарын және жабдықты пайдалану қағидаларын; дәл бақылау-өлшеу құрал-сайманын (миниметр, пассаметр, микроскоп, оптикалық бұрыш өлшегіш, щуп) және зертханалық жабдықты баптау қағидаларын білуі. 4. Тексеру құрал-саймандары мен аспаптарын қолдана отырып, күрделі бөлшектер мен тораптарды бірнеше жазықтықта тексеру және өлшеу тәсілдерін білуі. 5. Авиақозғалтқыштардың торап-тарын жөндеу бойынша күрделі жұмыстарды орындаумен бай-ланысты есептемелер қағидаларын білуі. 6. Гальваникалық жабындардың негізгі технологиялық процестерін білуі. 7. Жөнделген авиақозғалтқышты сынауға берген кезде, техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін білуі. Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Тиісті параметрлерді тексере және реттей отырып, қондырғыларда авиақозғалтқыштың жөнделген тораптарын құрастыру және сынау (Бұл еңбек функциясын орындау жұмысшының СБШ бойынша 3-4-деңгейдегі біліктілігінің болуын талап етеді) 1. Мынадай авиақозғалтқыштың жөнделген орташа күрделіліктегі тораптарын сынау дағдылары: - құбыр қысымымен гидросынақ жүргізу; - арналарды айдау және авиақозғалтқыш жетектерінің қорабына гидросынақ жүргізу және т.б. 1. Авиақозғалтқыштардың күрделі бөлшектері мен тораптарына сынақ жүргізу дағдылары. 2. Сынақ жүргізу стендтеріндегі мынадай жұмыс істеу дағдылары: техникалық талаптарға сәйкестігін айқындау немесе қозғалтқышта болып жатқан процестерді тәжірибелік зерделеу үшін авиациялық қозғалтқыштардың, олардың жүйелерінің, тораптарының және агрегаттарының сипаттамалары мен қасиеттерін айқындау. 3. Авиақозғалтқыштардың мына-дай түрлі параметрлерін: қысы-мын, айналымдарын, температу-расын, виброжүктемелерін, сұйық-тықтың шығысын және т.б. тексеруді және реттеуді орындау білігі. 4. Авиақозғалтқыштардың бөл-шектері мен тораптарына сынақ жүргізудің ұтымды тәртібі мен әдістерін таңдау білігі. 5. Авиақозғалтқыштың бөлшектері мен тораптарын жасау, жөндеу, реттеу және сынау үшін пайдаланылатын күрделі керек-жарақтар мен стендтерге қызмет көрсетуді, оларды баптауды, реттеуді және жөндеуді орындау білігі. Білімі 1. Авиақозғалтқыштардың торап-тарын сынауға арналған стенд-тердің схемалары мен кон-струкцияларын және оларда жұмыс істеу қағидаларын білуі. 2. Авиақозғалтқыштардың сына-латын бөлшектері мен тораптарының температуралық және динамикалық жүктемелерін білуі. 1. Дәл сынау стендтерін баптау қағидалары мен жөндеу әдістері. 2. Авиақозғалтқыштардың бөл-шектері мен тораптарының төмен немесе жоғары температура жағдайында жұмыс істеу ерекшеліктерін, авиақозғалтқыш-тардың түрлі жұмыс істеу параметрлері жұмыс сұйық-тықтары мен жағармайлардың қасиеттеріне әсерін білуі. 3. Авиақозғалтқыштарды сынақ-тан кейін пысықтау әдістерін білуі. 4. Авиақозғалтқыштарға арналған ілеспе техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын, серти-фикатталған бұйымдарға қойыла-тын талаптарды білуі. Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Көз өлшемінің (сызықты және көлемді) жақсы болуы, мұқияттылық пен ұқыптылық. Талдау жасай білу қабілеті. Командада жұмыс істеу. СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 7232 7232 Агрегаттарды жөндеу жөніндегі слесарь Ұшу аппараттарын жөндеу жөніндегі слесарь «Агрегаттарды жөндеу жөніндегі слесарь» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды 7232 Кәсіп атауы Агрегаттарды жөндеу жөніндегі слесарь СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3-4 БТБА бойынша біліктілік деңгейі 3-8 Кәсіби білім деңгейі Орта кәсіби білім Еңбек функциялары 1) Агрегатты демонтаждау, бөлшектеу және ақаулау. 2) Агрегаттарды жөндеу. 3) Стендтерде құрастыру және сынақ жүргізу. Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 3-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6-8) 1-еңбек функциясы. Агрегатты демонтаждау, бөлшектеу және ақаулау 1. Агрегаттың бөлшектерін консервациядан алу, тазалау және шаю дағдылары. 2. Түрлі күрделілік дәрежесіндегі агрегаттарды демонтаждау және бөлшектеу дағдылары. 3. Агрегаттардың ақауларын (жарық, тозу, қызып кету, тот басу және т.б.) табу білігі. 1. Жоғары күрделіліктегі агрегаттарды демонтаждау дағдылары. 2. Бөлшектердің тозуын анықтау, деформацияны бағалау, саңылаулар мен созылу көлемін анықтау, тоттан зақымдану тереңдігі